109 Желілерде авариялық жағдайлардың туындауы, ажырату туралы өтінімдерді қабылдау.

Біз туралы

«Астана – Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ – электр энергиясын беру және тарату, сондай-ақ Астана қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін елорданың негізгі энергия компанияларының бірі.  Қоғам электр энергиясын беру және тарату қызметтері бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және компания Жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

Компанияның тарихы 1980 жылдан басталады, сол кезде «Қалалық электр желілері» базасында елорданың  заманауи электр желілік кешенінің негізін қалаған құрылым құрылды. 2010 жылы кәсіпорын аймақтық электржелілік компания мәртебесін алып, «Астана–АЭК» АҚ атауын иеленді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап компания энергиямен қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыруға кірісті, 500 мыңнан астам тұтынушылармен шарттар жасасу, есеп айырысу және қызмет көрсету процестерін «бір терезе» форматы бойынша орталықтандырды.


Компанияның миссиясы

Астананы сенімді, үздіксіз және қауіпсіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, электржелілік инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру.  


Негізгі міндеттер

  • электр энергиясын беру, тарату және қамтамасыз ету;
  • электр желілері мен қосалқы станцияларды күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалануды қамтамасыз ету;
  • электрмен жабдықтау желілерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру;
  • сенімділікті арттыру және технологиялық шығындарды азайту;
  • цифрлық технологияларды, есепке алу және диспетчерлік басқару жүйелерін енгізу;
  • жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру.

Компанияның мақсаттары

  • елорданың электржелілік кешенінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру;
  • электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту, реконструкциялау және дамыту;
  • интеллектуалды басқару және есепке алу жүйелерін енгізу;
  • көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ашықтығын арттыру.

Қызмет түрлері

  • электр энергиясын беру;
  • электр энергиясын тарату;
  • елорда тұтынушыларын электрмен жабдықтау.

Инфрақұрылым және өндірістік кешен

«Астана–АЭК» АҚ қызмет көрсету көлемі – 107 129,36 шартты бірлікті құрайды.

Компанияның теңгерімінде және қызмет көрсетуінде:

Электр берудің әуе желілері 

  • 143,436 км – 220 кВ
  • 199,348 км – 110 кВ
  • 373,39 км – 10 кВ
  • 613,946 км – 0,4 кВ

Электр берудің кабельдік желілері

  • 12,3 км – 220 кВ
  • 152,622 км – 110 кВ
  • 871,053 км – 20 кВ
  • 2 724,467 км – 10 кВ
  • 19,036 км – 6 кВ
  • 1 423,361 км – 0,4 кВ

Қосалқы станциялар және тарату құрылғылары

  • 3 қосалқы станция – 220 кВ
  • 29 қосалқы станция – 110 кВ
  • 1 771 тарату пункттері және 20/10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар

Компания заманауи диспетчерлік-технологиялық басқару құралдарына, кернеуі 110 кВ дейінгі кабельдік желілердегі зақымдарды жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік беретін «Компам-CITY» жоғары вольтты зертханаларды қоса алғанда, арнайы техника және мобильді зертханалар паркіне ие.     

Электр жүктемелерінің жыл сайынғы өсуі инфрақұрылымның тұрақты дамуын талап етеді. «Астана–АЭК» АҚ белсенді қатысуымен ЭБЖ және «Көктем», «Киров-2», «Шұбар», «Тұран», «Бәйтерек», «Әуежай-2», «Олимп», «Арай» қосалқы станциялары пайдалануға берілді. Сондай-ақ 220 кВ «Шығыс», «Достық», «Батыс» қосалқы станциялары бар қала орамы құрылды. 2026 жылы 110/10 кВ «Самал» қосалқы станциясын пайдалануға беру жоспарлануда.

Компания Астана қаласының Энергетика басқармасымен елорданың жаңа аудандарын дамыту мәселелерінде өзара іс қимылды жүзеге асырады. Жоспарлау кезеңінде электр энергиясын тұтынуды алдын ала талдау және болжау жұмыстары жүргізіледі, бұл қажетті қуатқа деген сұранысты дер кезінде қалыптастыруға және қажетті құрылыс көлемін алдын ала қарастыруға мүмкіндік береді. Жүргізілген есептеулердің нәтижелері бойынша перспективалы аумақтарды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін жаңа электр жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды пайдалануға беру жобалары іске асырылады.  

ҮП, ҚС және 10/0,4 кВ желілерін жаңғырту, Smart Grid тұжырымдамасын және ЭКЕАЖ жүйелерін енгізу сияқты Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға ерекше назар аударылады.

 


Адам капиталы

«Астана-АЭК» АҚ — бұл 2 007 жұмыскерден тұратын ұжым, оның 52%-дан астамы жоғары білімді, 24%-ы арнайы орта білімді. 

Компания мамандардың кәсіби өсуі, даярлығы мен біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды.

 

Қаржылық көрсеткіштер  

Жалғыз акционер жыл сайын Қоғамның тиісті кезеңдегі қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтердің мөлшерін бекітеді.
Қоғамның дивидендтері инвестициялық бағдарламаны іске асыруға және жабдықтарды жаңғыртуға бағытталады.


2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша:

  • Меншікті капитал мөлшері: 133 097 921 мың теңге
  • Актив мөлшері: 149 494 158 мың теңге

Қолдау қызметі

Кері байланыс

Бізді Instagram-да оқыңыз

109 Желілерде авариялық жағдайлардың туындауы, ажырату туралы өтінімдерді қабылдау.

Уважаемые жители столицы!

Уведомляем о том что, в случае если произошел технологический сбой по Вашему адресу. Обратитесь в Оперативно-диспетчерскую службу (заявки на включение оборудования потребителей, находящихся без электроснабжения после устранения повреждений).

районы «Байконур», «Сарыарқа» 620 468; WhatsApp: +7 701 081 6562

районы «Алматы», «Есіл», «Нұра» 620 438, WhatsApp +7 701 081 6561

либо в iKomek 109

Предупреждение о действиях мошенников!

Уважаемые абоненты!

Если Вам звонят с предложением заменить приборы учета, представляясь якобы сотрудниками «Астана РЭК» и требуют продиктовать SMS-код для прикрепления заявки, то имейте в виду: Вам звонят мошенники!

Установка и регистрация счетчиков отсутствует в перечне услуг компании.

Сотрудники «Астана РЭК» не требуют SMS-коды для подтверждения.

Ескірген браузер
Интернетте ыңғайлы жұмыс істеу үшін сізге заманауи браузер қажет. Мұнда сіз соңғы нұсқаларды таба аласыз.
Ескірген браузер
Бұл сайт компьютерлерге арналған, бірақ
сіз оны еркін пайдалана аласыз.
67.15%
адамдар осы браузерді
пайдаланады
Google Chrome
Доступно для
  • Windows
  • Mac OS
  • Linux
9.6%
адамдар осы браузерді
пайдаланады
Mozilla Firefox
Доступно для
  • Windows
  • Mac OS
  • Linux
4.5%
адамдар осы браузерді
пайдаланады
Microsoft Edge
Доступно для
  • Windows
  • Mac OS
3.15%
адамдар осы браузерді
пайдаланады
Opera
Доступно для
  • Windows
  • Mac OS
  • Linux