109 Желілерде авариялық жағдайлардың туындауы, ажырату туралы өтінімдерді қабылдау.

Тұрмыстық мақсаттағы электр энергиясын тұтыну

Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты  

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 бұйрығымен бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес.

Электрмен жабдықтау шартын жасауға арналған құжаттар тізімі: 

Көппәтерлі тұрғын үй қорының тұтынушысына тұрмыстық тұтынушыны электрмен жабдықтау шартын жасау үшін мынадай құжаттар қажет: 

  1. Тұрмыстық тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың көшірмесі немесе құқық белгілейтін құжат;
  4. Электрмен жабдықтау шартына қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның сенімхат көшірмесі және жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі.
    Көппәтерлі тұрғын үй қорының тұрмыстық тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау шартын жасауға арналған құжаттар тізбесі  

Жеке тұрғын үйдің тұтынушысына тұрмыстық тұтынушыны электрмен жабдықтау шартын жасау үшін мынадай құжаттар қажет: 

  1. Тұрмыстық тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттан ЖСН;
  3. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың көшірмесі немесе құқық белгілейтін құжат;
  4. Электр желілеріне жалғануға техникалық шарттар (көшірмесі).

    Ескерту:
    1.Объектіні электрмен жабдықтауда техникалық өзгерістер болмаған жағдайда меншік иесі ауысқан кезде қайта ресімдеу талап етілмейді. Бұл ретте алдыңғы жылжымайтын мүлік иесіне берілген техникалық шарттардың көшірмесі ұсынылады.
    2. Жаңадан енгізілетін объектілер үшін (шарттық қуатты арттыру,     электрмен жабдықтау схемасын өзгерту, электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша желі пайдаланушыларының санатын өзгерту) техникалық шарттарды ресімдеу талап етіледі.

  5. Энергия беруші ұйым мен тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі (көшірмесі);
  6. Электрмен жабдықтау шартына қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның сенімхат көшірмесі және жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі.  
    Жеке тұрғын үйдің тұрмыстық тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау шартын жасауға арналған құжаттар тізбесі  


Тұтынушыларға мәлімет үшін:
Тұрмыстық тұтыну үшін электрмен жабдықтау шарттарын жасау үшін көппәтерлі үйлерде тұратын жеке тұлғалар қатарындағы тұтынушыларға «QalaQyzmet.kz» қалалық қызметтер порталы арқылы жүгінуге болады.    

Сондай-ақ біздің қызмет көрсететін сервис орталықтарымызға жүгінуге болады:

№ 1 сервис орталығы

Е 882 көшесі, 3А, («Delta-Plaza» БО) жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.

№ 2 сервис орталығы
Домалақ ана көшесі 9, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.

№ 3 сервис орталығы
Кабанбай Батыра дәңгілі, 4/2, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.

№ 4 сервис-орталығы
Абай көшесі, 80, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.

№ 5 сервис орталығы
Сауран көшесі 7 Б, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.

 

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес электр энергиясы нарықтағы тауар болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 25-тарауының §5 сәйкес электрмен жабдықтау шарты сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 482-бабы 2-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 387-бабының 4-тармағына сәйкес заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі жария шарттарды жасау және орындау кезінде тараптар үшін міндетті ережелер (үлгі шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкін.

Тұтынушының электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініші негізінде «Астана-АЭК» АҚ сайтында жарияланған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен бекітілген Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының редакциясында электрмен жабдықтау шарты жасалатын болады.

 

Тұрғындар санының өзгеруі

Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 9-параграфының 76-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығы), сараланған тарифтерді қолданатын тұтынушылар үшін төлемақы есебін түзету энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүгінген және қажетті негіздемелер берілген сәттен бастап жүргізіледі.
Сондай-ақ, Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларының 8-тармағына сәйкес (ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы №57-НҚ бұйрығы), сараланған тарифтер бойынша төлемді есептеу тұрақты тұратын тұтынушылардың саны ескеріле отырып жүргізіледі.
Осы ақпаратты растау үшін eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы қолжетімді тіркелген тұлғалар туралы деректерді пайдалану ұсынылады.

 

Объектінің (пәтер, тұрғын емес үй-жай, қойма үй-жайы) пайдалы алаңы не үшін қолданылады

Жалпы үй қажеттіліктері бойынша есеп айырысулар жүргізу кезінде тиісті объектінің пайдалы алаңы қолданылады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 33 және 34-баптарына сәйкес, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді. Үлес мөлшері дара (бөлек) меншіктегі пәтердің пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңының осы кондоминиум объектісіндегі барлық пәтердің пайдалы алаңдарының және барлық тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңдарының жиынтығына арақатынасымен айқындалады.
Есеп айырысулардың дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, объектінің техникалық паспортында көрсетілген тиісті растаушы құжаттардың болуы ұсынылады.

Қолдау қызметі

Кері байланыс

Бізді Instagram-да оқыңыз

109 Желілерде авариялық жағдайлардың туындауы, ажырату туралы өтінімдерді қабылдау.

Уважаемые жители столицы!

Уведомляем о том что, в случае если произошел технологический сбой по Вашему адресу. Обратитесь в Оперативно-диспетчерскую службу (заявки на включение оборудования потребителей, находящихся без электроснабжения после устранения повреждений).

районы «Байконур», «Сарыарқа» 620 468; WhatsApp: +7 701 081 6562

районы «Алматы», «Есіл», «Нұра» 620 438, WhatsApp +7 701 081 6561

либо в iKomek 109

Предупреждение о действиях мошенников!

Уважаемые абоненты!

Если Вам звонят с предложением заменить приборы учета, представляясь якобы сотрудниками «Астана РЭК» и требуют продиктовать SMS-код для прикрепления заявки, то имейте в виду: Вам звонят мошенники!

Установка и регистрация счетчиков отсутствует в перечне услуг компании.

Сотрудники «Астана РЭК» не требуют SMS-коды для подтверждения.

Ескірген браузер
Интернетте ыңғайлы жұмыс істеу үшін сізге заманауи браузер қажет. Мұнда сіз соңғы нұсқаларды таба аласыз.
Ескірген браузер
Бұл сайт компьютерлерге арналған, бірақ
сіз оны еркін пайдалана аласыз.
67.15%
адамдар осы браузерді
пайдаланады
Google Chrome
Доступно для
  • Windows
  • Mac OS
  • Linux
9.6%
адамдар осы браузерді
пайдаланады
Mozilla Firefox
Доступно для
  • Windows
  • Mac OS
  • Linux
4.5%
адамдар осы браузерді
пайдаланады
Microsoft Edge
Доступно для
  • Windows
  • Mac OS
3.15%
адамдар осы браузерді
пайдаланады
Opera
Доступно для
  • Windows
  • Mac OS
  • Linux