Тұрмыстық мақсаттағы электр энергиясын тұтынбау (кондоминиумдар құрамында)
Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдар құрамында жоқ тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Тұтынушының электр желілеріне қосылу сызбасымен қоса берілетін, электр желілерінің баланстық тиістілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігін айқындайтын актінің көшірмесі;
2. Электр энергиясының коммерциялық есебі жүйесінің қабылдау актісінің көшірмесі, ол энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен жасалған (шарт жасасуға құжаттар тапсырылғаннан кейін рәсімделеді);
3. Мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), мемлекеттік рұқсаттар мен хабарламалардың электрондық тізілімінен үзінді (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басты куәландыратын құжаттан алынған жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туралы мәлімет (жеке тұлғалар үшін);
4. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5. Электрмен жабдықтау шартына қол қоюға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрық, сенімхат, өзге де өкілеттілікті растайтын құжат) көшірмесі және жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (ұйымның бірінші басшысын қоспағанда) — заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін;
6. Техникалық шарттардың көшірмесі;
7. Банк деректемелері (банк атауы, ағымдағы шот нөмірі) — тек заңды тұлғалар ұсынады.
Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында болатын тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Кондоминиум нысанын басқару органы мен тұтынушы арасында жасалған электр желілерінің баланстық тиістілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін айқындайтын актінің көшірмесі;
2. Электр энергиясының коммерциялық есебі жүйесінің қабылдау актісінің көшірмесі, ол энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен жасалған (шарт жасасуға құжаттар тапсырылғаннан кейін рәсімделеді);
3. Мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), мемлекеттік рұқсаттар мен хабарламалардың электрондық тізілімінен үзінді (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басты куәландыратын құжаттан алынған жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туралы мәлімет (жеке тұлғалар үшін);
4. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5. Электрмен жабдықтау шартына қол қоюға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрық, сенімхат, өзге де өкілеттілікті растайтын құжат) көшірмесі және жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (ұйымның бірінші басшысын қоспағанда) — заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін;
6. Банк деректемелері (банк атауы, ағымдағы шот нөмірі) — тек заңды тұлғалар ұсынады.
Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш
Тұрмыстық емес мұқтаждар үшін электрмен жабдықтау шарттарын жасау үшін заңды тұлғалар қатарындағы тұтынушыларға келесі мекенжайларға жүгінуге болады:
№ 1 сервис орталығы
Е 882 көшесі, 3А, («Delta-Plaza» БО) жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.
№ 2 сервис орталығы
Домалақ ана көшесі 9, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.
№ 3 сервис орталығы
Кабанбай Батыра дәңгілі, 4/2, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі, жексенбі демалыс.
№ 4 сервис орталығы
Абай көшесі, 80, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күні сағат 09.00 бастап сағат 13.00 дейін.
№ 5 сервис орталығы
Сауран көшесі 7 Б, жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.30 бастап сағат 17.30 дейін (түскі үзіліссіз), сенбі күні сағат 09.00 бастап сағат 13.00 дейін.