Каналимов Ерлан Ермекұлы
Тәуелсіз директор
1982 жылғы 22 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Астана қаласының Басқару институтын «Экономист» мамандығы бойынша (2003), Қазақ-Ресей университетін «Заңгер» мамандығы бойынша (2007) аяқтаған.
2018 жылдан 2019 жылға дейін – Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі, 2019 жылы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2021-2023 жылдары Астана қаласы мәслихатының VII сайланымның хатшысы. 2023 жылдан 2025 жылға дейін Астана қаласы мәслихатының төрағасы.
12.05.2025 жылы Жалғыз акционердің шешімі бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.