Гаипов Зулфухар Султанович
Тәуелсіз директор
1965 жылғы 3 қазанда туған, Қазақстан Республикасының азаматы. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы мамандығы бойынша бітірген (1993).
Еңбек жолын Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған, кейін деканның орынбасары болды. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Ғылым және білім саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2022 жылғы 23 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының директоры.
Қазіргі уақытта Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
30.09.2025 жылы Жалғыз акционердің шешімі бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.