Дәулетов Жандос Мұратұлы
Астана қаласының «Мүлік және мемлекеттік сатып алулар департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары — Директорлар кеңесінің мүшесі.
1989 жылы 9 шілдеде Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
«Алматы энергетика және байланыс институты» АҚ (2010), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2012) аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақэнергиясараптама» АҚ жедел ақпарат орталығының диспетчері болып бастады.
2017 жылғы наурыздан бастап 2018 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының хатшылығы-басқарманың бас сарапшысы қызметін атқарды.
2018 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 жылғы мамырға дейін «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ тұрғын үй беру бойынша азаматтарды есепке алу бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2019 жылғы мамырдан бастап «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарады.
22.08.2023 жылы Жалғыз акционердің шешімі бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.