Цифрландыру – бұл жай ғана технология емес. Бұл – біздің өміріміздің бір бөлігі және тиімділіктің жаңа деңгейіне апаратын жол.
Танымал бөлімдер
Цифрландыру – бұл жай ғана технология емес. Бұл – біздің өміріміздің бір бөлігі және тиімділіктің жаңа деңгейіне апаратын жол.
«Астана–АЭК» АҚ цифрландыру қызметі – бұл компанияның жұмысын қолайлы, сенімді және заманауи ету үшін тәжірибе, технологиялар мен инновацияларды біріктіретін мамандар тобы.
Қызмет өндірістік үдерістерден бастап тұтынушыларға арналған сервистерге дейінгі корпоративтік жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Мамандар серверлер мен желілердің жұмыс істеу қабілетін бақылайды, жаңа бағдарламалық шешімдерді енгізеді және цифрлық инфрақұрылымды дамытады.
«Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс».
— Қасым-Жомарт Тоқаев
Қызметтің әрбір жүзеге асырылған жобасы – бұл компанияның дамуына және энергетиканың цифрлық болашағына қосқан үлес.
«Астана – АЭК» АҚ Цифрландыру қызметі – болашақ энергиясының іс жүзіндегі көрінісі.

