Симағанбетов Ерлан Қонқбайұлы - жедел-көшпелі қызметтің электрмонтерімін. Жалпы еңбек өтілім — 35 жыл.
Танымал бөлімдер
Симағанбетов Ерлан Қонқбайұлы - жедел-көшпелі қызметтің электрмонтерімін.
Жалпы еңбек өтілім — 35 жыл.
Еңбек жолымды 1990 жылы электрмонтер лауазымынан бастадым. Тоғыз жылдан кейін жедел-көшпелі бригадасына ауысып, сол жерде бүгінге дейін қызмет атқарып келемін.

Менің міндеттеріме кернеуі 6 бастап 20 кВ-қа дейінгі электр берудің әуе желілері, сондай-ақ трансформаторлық және тарату пункттеріне қызмет көрсету кіреді. Біз тұтынушылар үшін электр энергиясын беруде шектеулерді барынша қысқарту мақсатында ақауларды тез арада анықтап, жоямыз.
Маған өз жұмысым ұнайды, себебі біз астана тұрғындарының үйлеріне жарық пен жылулық әкелеміз. Біздің кәсібіміз өте қауіпті — біз қателіктерді кешірмейтін кернеумен жұмыс істейміз. Сондықтан барынша мұқият, абай болу және өзіңнің де, әріптесінің де қауіпсіздігіне жауап беру маңызды.

Энергетика саласында еңбек етіп, елорданың тұрақты электрмен жабдықталуына өз үлесімді қосу — мен үшін үлкен құрмет.

Жұмысшы кәсіптер жылы — қала тұрғындарының тұрақтылығы мен жайлылығы үшін күн сайын адал, кәсіби және толық жауапкершілікпен еңбек ететін адамдарды көрсетуге мүмкіндік береді.