Қайғыра көңіл айтамыз
Танымал бөлімдер
Қайғыра көңіл айтамыз
«Астана-АЭК» АҚ басшылығы мен ұжымы энергетика саласының ардагері, кәсіпорында 40 жылдан астам еңбек еткен Тамара Никифоровна Турканованың дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтады.
Тамара Никифоровна ұзақ жылдар бойы 110 кВ қосалқы станцияларында кезекші электрмонтер болып қызмет атқарды. Ол жауапкершілігі жоғары, өз ісіне адал, абыройлы жан еді. Әріптестері арасында зор құрметке ие болып, елордамыздың энергетика кешенінің дамуына елеулі үлес қосты.
Тамара Никифоровнаның жарқын бейнесі, көп жылғы еңбегі, кәсібилігі мен адами қасиеттері оны таныған жандардың, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.