Елорданың электрмен жабдықтау мәселелері бойынша ашық диалог
Танымал бөлімдер
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана – Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын бөлшек саудада өткізудің сараланған тариф деңгейлерін бекітуге арналған өтінімі бойынша жария тыңдау өткізді.
Талқылауға уәкілетті органдардың өкілдері, депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Кездесу барысында Басқарма төрағасы Руслан Абжанов елорданың электрмен жабдықтау саласындағы қазіргі ахуал, тарифті түзетудің негізгі себептері, сондай-ақ қаланың энергетикалық жүйесін одан әрі дамыту міндеттері туралы баяндама жасады.