«Астана-АЭК» АҚ-да Наурыз мейрамы өтті 2026 жылғы 10 сәуірде «Астана-АЭК» АҚ аумағында кәсіпорын ұжымын біріктірген мерекелік іс-шара өтті.
Танымал бөлімдер
Құрметті қонақтар қатарында Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат, Энергетика басқармасының басшысы Қынатов Әділ Маратович, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызмет өкілдері болды. «Айша бибі» би театры, «Алтын» ансамблі және әнші Аян Жаймағанбетовтің өнері мерекелік көңіл-күйді арттырды.
Кәсіподақ төрайымы Баймағанбетова Салтанат Сартаевна бөлімді безендіруге белсенді қатысқан бөлімшелерді атап өтті. Қызметкерлердің жоғары деңгейлі белсенділігі, барлық кабинеттің тақырыптық безендірілуі және біртұтас мерекелік атмосфера қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Өткізу жөніндегі қызмет арнайы грамотамен марапатталды.
Іс-шара шеңберінде спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды. Ерекше қызығушылық тудырған «Қой көтеру» ойынының жеңімпазы бас жүлде — қойға ие болды.
Қонақтарды палау, наурыз көже, бауырсақ және ыстық шаймен сыйлап, аулада тақырыптық инсталляция орнады. Бұл көктемнің, бірліктің және көтеріңкі көңіл күйдің ерекше атмосферасын қалыптастырды