Көктемнің басты мерекесі – Наурыз келеді!
Танымал бөлімдер
Көктемнің басты мерекесі – Наурыз келеді!
Мерекелік «Наурызнама» онкүндігі 14 наурызда Көрісу күнінен басталады. Бұл күні адамдар ұзақ қыстан кейін бір-бірімен амандасып, қол алысып, жылы лебіздер білдіреді.
Наурызнама – ұлттық дәстүрлерге, ізгі істерге, өзара құрмет пен бірлікке арналған ерекше мерекелік күндер онкүндігі.
Көрісу күні дәстүрі туған-туыс, достар мен әріптестермен жүздесіп, бір-біріне құрмет білдіріп, амандық пен береке тілеуді білдіреді.
Наурызнама күндері әр шаңыраққа қуаныш, жылулық және игі тілектер әкелсін!