Кәсіпорнымызға Ақтөбе қаласындағы «Энергосистема» ЖШС-дан әріптестер келді.
Танымал бөлімдер
Мұндай кездесулер әрдайым ашық кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және үздік іс -тәжірибелермен бөлісуге жақсы мүмкіндік береді. Сапар аясында біз негізгі жұмыс үрдістерін, қызметті ұйымдастыру тәсілдерін, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді талқыладық.
Сонымен қатар практикалық бөлімге ерекше назар аударылып, қонақтар үшін кәсіпорын нысандары бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Осындай өзара іс-қимыл саланың дамуына, жұмыс тиімділігін арттыруға және ұйымдар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп сенемін.
Әріптестерге біздің жұмысымызға қызығушылық танытып, сындарлы диалог құрғандары үшін алғыс айтамын.
Біз әрдайым біргеміз-ажырамасын іргеміз !