Мамырдағы жеңілдік: қарызды өсімпұлсыз өте! Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған акция — өсімпұлды есептен шығару!
Танымал бөлімдер
Мамырдағы жеңілдік: қарызды өсімпұлсыз өте!
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған акция — өсімпұлды есептен шығару!
Құрметті тұтынушылар!
Мереке құрметіне «Астана-АЭК» АҚ есептелген өсімпұлды толық есептен шығару бойынша акция өткізеді.
Акцияның мерзімі:
• заңды тұлғалар үшін — 2026 жылғы 1-15 мамыр аралығында
• жеке тұлғалар үшін — 2026 жылғы 1-25 мамыр аралығында.
Қатысу шарттары:
1. Акцияны өткізу кезеңінде ЖҮҚ қоса алғанда, электр энергиясы үшін берешекті толық өтеу;
2. Акция аясында 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңде қалыптасқан электр энергиясы бойынша берешек толық өтелген жағдайда, заңды және жеке тұлғаларға өсімпұл есептен шығарылады. Бұрын төленген өсімпұл қайтарылмайды.
3. Талап-арыз жұмысы жүргізілген тұтынушылар үшін — мемлекеттік бажды және нотариалды шығындарды қоса алғанда, 100% қарызды төлеу қажет;
4. Төлем түскеннен және өңделгеннен кейін өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.
Қосымша ақпарат:
• сайт: astrec.kz
• сервис-орталықтар:
Е-882 көш., 3А;
Домалак ана көш., 9;
Тәуелсіздік даңғ.,22А;
Абай даңғ., 80;
Сауран көш., 7б;
• телефондар: 571 383, 620 417, 579 546, 576 593, 578 298, 576 578.
Акция қарызды қосымша шығынсыз өтеуге мүмкіндік береді және жаңа кезеңді қарызсыз бастауға мүмкіндік береді.
Акциядан пайдаланып, мерекені қарызсыз қарсы алуға шақырамыз!
⚡ Сенімді электрмен жабдықтау — біздің ортақ жауапкершілігіміз!