Сервистік орталықтардың жұмысы туралы ақпарат
Танымал бөлімдер
Құрметті тұтынушылар!
«Астана-АЭК» АҚ Астана қаласындағы сервистік орталықтардың жұмысы туралы хабардар етеді.
Сервистік орталықтардың мекенжайлары:
* №1 Сервистік орталық: Е-882 көшесі, 3А үй
* №2 Сервистік орталық: Домалақ ана көшесі, 9 үй
* №3 Тәуелсіздік даңғылы, 22А үй
* №4 Сервистік орталық: Абай көшесі, 80 үй
* №5 Сервистік орталық: Сауран көшесі, 7Б үй
Сервистік орталықтарда:
• есепке алу құралдарының көрсеткіштерін тапсыру;
• есептеулер бойынша кеңес алу;
• шот-фактуралар мен тізімдемелерді алу;
• есепке алу құралдарын тексеруге өтінім беру;
• шарт жасасу (жеке және заңды тұлғалармен);
• касса арқылы электр энергиясына төлем жасау қызметтерін алуға болады.
«Астана-АЭК» АҚ — қызмет көрсетуді ыңғайлы әрі қолжетімді ету үшін әрдайым Сіздің жаныңызда!
