Цифрландыру жылы: ҚР Энергетика министрлігінің делегациясы «Астана-АЭК» АҚ-да болды
Танымал бөлімдер
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «Астана-АЭК» АҚ-ға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің делегациясы келді.
Делегация құрамына «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Qubitera, RAUDA Technologies, CSAI Group компаниялары және Dongfang Electronics корпорациясының өкілдері кірді.
Сапар барысында қатысушылар компанияның цифрлық инфрақұрылымымен танысып, елордадағы энергетикалық нысандарды цифрландыру және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.
Жоба Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.