Болашақ мамандарға арналған экскурсия
Танымал бөлімдер
Болашақ мамандарға арналған экскурсия
2026 жылғы 18 наурызда «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері «Кәсіптік-техникалық колледж» ШЖҚ МКК «Техник электрик» біліктілігі бойынша 2-курс студенттері үшін «Новая» қосалқы станциясында таныстыру экскурсиясын өткізді.
Іс-шара барысында студенттер жоғары кернеулі жабдықтармен, олардың жұмыс істеу қағидаттарымен және пайдалану ерекшеліктерімен танысты. Мұндай кездесулер теориялық білімді бекітіп қана қоймай, энергетика саласындағы таңдаған мамандыққа деген қызығушылық пен құрметті арттырады.