Бақтыбек Тлеулесұлы Қадырбаев — 30 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі энергетик
Танымал бөлімдер
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы ай сайынғы айдарымызда өз ісіне адалдығымен және кәсібилігімен үлгі болар азаматты назарларыңызға ұсынамыз.
Бақтыбек Тлеулесұлы Қадырбаев — 30 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі энергетик. 1995 жылдан бастап «Астана-АЭК» акционерлік қоғамында тарату желілерін пайдалану жөніндегі электрмонтер қызметін атқарып келеді.
Оның еңбек жолы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында басталды. Чехословакияда әскери борышын өтеп келген соң, Бақтыбек Тлеулесұлы туған жеріне оралып, әрбіріміздің өміріміздің жайлылығы мен қауіпсіздігі тікелей байланысты энергетика саласына өз өмірін арнады.
