22 желтоқсан - Энергетиктер күні
Танымал бөлімдер
Елорда жарығы — сенімді қолда: қаланы нұрға бөлеп жүрген жандарға құрмет
2025 жылғы 22 желтоқсанда «Астана – Аймақтық Электржелілік Компаниясы» акционерлік қоғамында Энергетиктер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
![]()
Осы күні саланың үздік қызметкерлері мен ардагерлері – жоғары кәсіби шеберлігі, ұзақ жылғы еңбегі және елорда электрэнергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін – марапатталды. Жалпы, 200 адам наградалармен марапатталды. Наградаларды Астана қаласы әкімдігінің, кәсіби қауымдастықтардың, кәсіподақ пен компания басшылығының өкілдері тапсырды.
Сала жұмыскерлері мен ардагерлері мемлекеттік, салалық және кәсіподақ наградаларымен марапатталды:
ҚР Энергетика министрлігінің және Қазақстан электрэнергетикалық қауымдастығының медальдары, «Құрметті энергетик», «Еңбегі сіңірген энергетик», «Ардагер энергетик» төсбелгілері;
ҚР Энергетика министрлігі, Қазақстан электрэнергетикалық қауымдастығының, ҚазЭнергоКәсіподақтың құрмет грамоталары;
Астана қаласы әкімінің және әкім орынбасарының, Астана қаласы Энергетика басқармасы басшысының, сондай-ақ «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасының алғыс хаттары.
![]()
2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы, және энергетиктердің еңбегі кәсібилік, жауапкершілік пен ісіне адалдықтың жарқын үлгісі болып отыр.
Жарық, жылу және сенімділік үшін рахмет!
Энергетиктер күні құтты болсын!