11 қараша — Энергияны үнемдеу күні!
Танымал бөлімдер
11 қараша — Энергияны үнемдеу күні!
Әлемдік экономика мен халық санының өсуіне байланысты энергияға деген сұраныс үнемі артып келеді. Қазақстан ресурстарды тиімді пайдалану шараларын белсенді енгізуде.
«Астана–АЭК» АҚ энергия үнемдеуге өз үлесін қосуда.
2014 және 2020 жылдары жүргізілген энергия аудиттерінің нәтижесінде 82 іс-шара жүзеге асырылып, шамамен 10 000 кВт энергия үнемделді.
2025 жылдың соңына дейін 21 000 кВт энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін 87 жаңа жоба іске асырылмақ.
Энергияға ұқыпты қарау — бұл болашаққа, таза ауаға, көгілдір аспан мен жасыл планетаға деген қамқорлық.

Әр күніңіз табиғатпен үйлесімге қарай жасалған бір қадам болсын!
Энергияны үнемдеу — бұл өмір энергиясы!