2026 жылғы 11 сәуірде «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері жалпыұлттық «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі » акциясы аясындағы жалпықалалық экологиялық айлыққа қатысты.
Танымал бөлімдер
2026 жылғы 11 сәуірде «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлері жалпыұлттық «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі » акциясы аясындағы жалпықалалық экологиялық айлыққа қатысты.
Қолдарына күрек, сыпырғыш мен тырма алған компания қызметкерлері қала көшелерін тазалау және абаттандыру жұмыстарына шықты.
Қала бойынша тарату және трансформаторлық қосалқы станциялар айналасында қоқыс жинау және шығару жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық акцияға 300-ден астам адам қатысып, 6 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.