«Астана-АЭК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ХАБАРЛАМА
«Астана-АЭК» АҚ-дағы сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін
жария талқылаудың басталуы туралы
хабарлама
26.06.2026 ж. Астана қ.
«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2026 жылға арналған Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – СЖТІТ), аталған кесте 2026 жылғы 31 наурызда «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-мен бекітілген, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде.
Қоғамның Басқарма төрағасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 397-НҚ бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаның 4-тармағына сәйкес, «Астана-АЭК» АҚ 2026 жылғы 3 шілдеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылауға қатысуға шақырамыз.
Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысты қызықтырған сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 701 732 89 54 (комплаенс-қызметінің басшысы).
«Астана-АЭК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
ХАБАРЛАМА
15.05.2026 ж. Астана қ.
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ-мен 2026 жылғы 31 наурызда бекітілген квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес және 2026 жылға арналған №4 үлгілік базалық бағыт «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» шеңберінде ағымдағы жылдың 01 маусымынан 13 шілдесіне дейін «Астана-АЭК» АҚ қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізілетін болады.
СЖТІТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ-ті дайындау және жүргізу барысында келесі рәсімдер жүзеге асырылады:
- СЖТІТ жүргізудің басталғаны туралы Қоғамның интернет-ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарлау - 15.05.2026 ж.;
- СЖТІТ жүргізу туралы бұйрықты бекіту - 15.05.2026 ж.;
- СЖТІТ-тің басталуы - 01.06.2026 ж.;
- СЖТІТ нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлау - 26.06.2026 ж.;
- СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау - 03.07.2026 ж.;
- СЖТІТ нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою - 27.07.2026 ж.;
- Тәуекелдерге бейім лауазымдар тізбесін қалыптастыру - 30.07.2026 ж.;
- Жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу - 10.08.2026 ж.;
- Анықтама мен жоспарды сайтқа орналастыру - 14.08.2026 ж.;
- Мониторинг жүргізу - 27.07.2026 ж. бастап 31.12.2026 ж. дейін;
«Астана-АЭК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 732 89 54 (комплаенс қызметінің басшысы).