Біздің бастамамызды қолдаңыздар – қан доноры болыңыздар!

16 февраля 2024

Біздің бастамамызды қолдаңыздар – қан доноры болыңыздар!

Бүгін «Астана-АЭК» АҚ-да Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК бастамасымен тағы бір донор күні өтті.

Орталық қызметкерлері барлық қажетті жабдықтарды тікелей кәсіпорынға әкелді. 100-ден астам жұмыскерлер адам өмірін сақтап қалу үшін қан тапсыру арқылы игі іс жасай алды.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздің қаныңыз – басқа адамға өмір сыйламақ. Көмекке зәру жандарға қол ұшын беру мақсатында дұрыс таңдау жасаңыз – донор болыңыздар.