КОМПАНИЯНЫҢ ТАРИХЫ

«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ тарихы 35 жылдан асады және 1980 жылдан бастау алады.  Дәл сол кезде Ақмола қаласы аудандық электр желісі негізінде «Целинэнерго» ЭБ Өндірістік энергетикалық бірлестігінің 06.08.1980ж. №244 бұйрығына сәйкес «Қалалық электр желісі» кәсіпорыны құрылды. 2010 жылы кәсіпорын аймақтық деңгейдегі электр желілерге қызмет көрсететін компания мәртебесіне ие болды, осыған байланысты атауы «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ деп өзгерді.

Компанияның негізгі міндеті электр энергиясын беру және тарату, сондай-ақ астананың тұтынушыларына сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.

«Астана-АЭК» АҚ қызмет көрсету көлемі 75153 шартты бірлікті құрайды және: кернеуі 220 кВ - 124,588 км электр берудің әуе желісі,  110 кВ -  149,404 км,кернеуі 10 кВ - 332,6 км, кернеуі 0,4 кВ - 441,76 км, сондай-ақ кернеуі 220 кВ -2,23 км электр берудің кабель желісі, кернеуі 110 кВ -101,684 км,кернеуі 20 кВ- 256,692 км,кернеуі 10 кВ- 1940,719 км, кернеуі 6 кВ- 19,1 км, кернеуі 0,4 кВ- 986,337 км  қамтиды. Компанияның теңгерімінде және қызмет көрсетуінде барлығы 1331-шағын станция бар, оның ішінде 220 кВт-3 шағын станция, кернеуі 110 кВ 28-шағын станция, кернеуі 20/10/0,4 кВ 1300-үлестіру және трансформаторлы шағын станициялар.

Компанияның заманауи диспетчерлік-технологиялық басқару құралдары,  арнайы машиналар мен механизмдердің  қомақты паркі, жылжымалы дизельді электр станциялары бар.  Өндірістік қызметтердің иелігінде заманауи стационарлық және мобильді зертханалар, оның ішінде кернеуі 110кВ дейін кабель желілерінде зақымдану сипатын және орнын қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік беретін «Компакт-CITY» екі жылжымады жоғары вольтті зертханасы бар.  Сондай-ақ компанияның алдына қойылған міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін барлық өндірістік бөлімшелер, зертханалар, техниканы және арнайы механизмдерді орналастыруға мүмкіндік беретін меншікті базасы бар.

Электр жүктемесінің жыл сайынғы өсімі құрылыстың өсуіне және де қала тұрғындарының өмір сапасының артуына байланысты.  Осыған байланысты компанияның негізгі міндеті қаланың энергожүйесінің сенімді және тиімді жұмысын ұйымдастыру болып табылады.  Осылайша компания мамандарының белсенді қатысуымен 110 кВ ЭЖЖ және 110 кВ «Көктем-2», «Киров-2», «Шұбар», «Тұран», «Бәйтерек», «Аэропорт-2», «Олимп» шағын станциялары; «Шығыс», «Достық», «Батыс» шағын станциялармен 220кВ қала орамы пайдалануға берілді.   Барлық объектілер жетекші дүниежүзілік өндірушілердің заманауи электр жабдықтарымен жабдықталған.  Тағы бір аспекті – өндірістік бөлімшелердің ұйымдық құрылымы бүгінгі күннің талабына үйлесімді сәйкес келеді.

Энергетикалық салада күзгі-қысқы кезеңнің аяқталуы күрделі жөндеу жоспарын, шағын станция жабдықтары және электр беру желілеріне техникалық қызмет көрсету кестесін орындау бойынша іс-шараларды іске асыруға, сондай-ақмақсаты электр желілерде технологиялық бұзушылық ықтималдығын азайту, оларды оқшаулау және зақымдануларды жедел жою болып табылатын басқа жұмыс түрлеріне себепші болады.  «Астана-АЭК» АҚ жөндеу компаниясына 2018 жылы барлығы жалпы сомасы 227,3 млн.теңге іс-шаралар енгізілді. 

«Астана-АЭК» АҚ жұмысының жеке   бағыты – 2018 жылға арналған үлестіру пункттерін (ҮП), трансформаторлы шағын станициялар (ТШС) және 10/0,4 кВ желілерді жетілдіруге бағытталған 2 388 млн. астам теңге соманың жеке инвестициялық бағдарламасы.Тәжірибе көрсеткендей бағдарламаны іске асыру  әлдеқашан электр желілерде 10% дерлік апаттылықты азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ қаланың электр энергетикасын дамытудың перспективалы бағытыбелсенді-бейімделген желі немесе «ақылды желі» деп аталатынSmartgridтұжырымдамасы негізінде электр желілерін басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.  Екінші бағыт төменгі деңгейде, яғни тұтынушының электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу болып табылады.

Астананың дамуымен оның энергетикалық кәсіпорындары да даму үстінде. «Астана-АЭК» АҚ бүгінде – ол тек қана заманауи жабдықтар және жаңа технологиялар емес. Ол бірінші кезекте кәсіпорынның ұйымшыл ұжымын құрайтын 1030-маман, оның ішінде 46%  астамы жоғары, 26%  орташа арнайы білімі бар.   Кадр саясатының негізгі бағыттарының бірі әрбір жұмыскердің кәсіби өсуін ынталандыру және біліктілігін арттыру болып табылады. 

Дәстүрлі пайдалану тәсілдерін қолдану, көп жылғы тәжірибе, озық ақпараттық технологияны енгізу – «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ коммерциялық және технологиялық шығынды азайту кезінде электр энергиясын тасымалдауда қалыпты процессті қамтамасыз ету, ал бастысы астананың тұтынушыларын сенімді және сапалы электрмен жабдықтау бойынша негізгі белгісі.