Бүгін біз болашақ энергетиктермен экскурсия жасадық.

01 ноября 2023

Бүгін біз болашақ энергетиктермен экскурсия жасадық. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің- @kazatu.official 1 және 4 курс студенттері біздің кәсіпорынға келді. Бірінші кезекте университет студенттеріне кіріспе нұсқама өткізілді, содан кейін біз диспетчерлік қызметтерге барып, «Новая» шағын станциясындағы экскурсиямызды аяқтадық, онда болашақ энергетиктерге кәсіпорын жұмысының сызбасы көрнекі түрде көрсетілді және біздің қызметімізді таныстыру мақсатында тәжірибе және біліммен бөлісті. Студенттер жаңа біліммен сусындап, керемет әсер алғаны сонша көпшілігінде «Астана-АЭК» АҚ-да жұмыс істеймін деген ниет туындады. Сондай-ақ, аталған университеттің студенттеріне біздің компанияда тәжірибеден өтіп, одан әрі жұмысқа орналасуға рұқсат етілгенін атап өткіміз келеді.