Көп жылғы дәстүр бойынша Халықаралық қарттар күніне орай кәсіподақпен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға құрметті ардагерлерімізді құшақ жая қарсы алдық.

29 сентября 2023

Бүгін «Астана-АЭК» АҚ-да ерекше мейірімділік пен құрмет атмосферасы орын алды. Көп жылғы дәстүр бойынша Халықаралық қарттар күніне орай кәсіподақпен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға құрметті ардагерлерімізді құшақ жая қарсы алдық. Кездесу естеліктер мен жылы сөздерге толы жылулық пен қуанышты көңіл-күйде өтті. Құрметті қарттарымызды айтулы мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз!