Өз ісіне берілген жандар!

06 августа 2023

           Бізге 43 жыл. Осы уақыт ішінде көптеген өзгерістер болды. Дегенмен, тоқырау жылдарымен тұспа-тұс келген кәсіпорынның қалыптасу кезінде,   қайта құру және дағдарыс дәуірінде де, екі мыңыншы жылдың дүрбелеңінде де энергетиктерді Прометейдің адамдарға жарық беремін деген шынайы, арынды ұмтылысы біріктірді.
 

Бүгін біз Компанияның бастауында тұрған адамдармен таныстырғымыз келеді.  
 
1. Адахманова Дәметкен Құлтасқызы Диспетчерлік қызметтің операторы.  ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы»   орденімен және «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен марапатталған.  

2. Авдеева Надежда Алексеевна Диспетчерлік қызметтің операторы. ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамотасымен және «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен марапатталған.

3. Ахунова Гульфия Габдулзяновна Диспетчерлік қызметтің операторы. «Еңбек ардагері» медалімен және «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен марапатталған.

4. Оразақов Рамазан Рахметұлы Өндірістік-техникалық қызмет бастығының орынбасары.   «Еңбек ардагері» медалімен және «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен марапатталған. «ҚЭҚ Құрметті энергетигі», «ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі» және «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атақтарына ие.   

5. Мұқашев Жаңабай Бопиұлы, Сарыарқа АЭЖ шебері.  «Алғыс белгісі» медалімен, «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен және «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіптік одағы» төсбелгісімен марапатталған.   «ҚЭҚ Құрметті энергетигі», «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атақтарына ие.    

6. Мигунова Людмила Павловна, 220-110 кВ шағын станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер.  «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен марапатталған.  «ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі» атағына ие.  

7. Вишневская Марина Юрьевна, 220-110 кВ шағын станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер. «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалімен марапатталған.

Компанияға өркендеу және  алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді, ал ұжымға зор денсаулық, отбастарына амандық, толағай табыс тілейміз.  
Туған күніміз құтты болсын!