Әріптесіміз өмірден өтті

09 августа 2019

Ол 2013 жылдан бері «Астана-АЭК» АҚ-да электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің бақылаушысы болып жұмыс істеді. Еңбек еткен уақыт ішінде өте білгір, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын білікті маман ретінде танылды. Жұмысына тыңғылықты, әріптестерінің арасында сыйлы болатын. Ермек Сейтбекұылының артында жары, екі баласы қалды.   

8 тамыз күні кешке Арыс-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Өкінішке орай өмірмен үйлеспейтін жарақат алған Ермек Тютюбековті аман алып қалу мүмкін болмады.  

«Астана-АЭК» АҚ ұжымы қайғыға ортақтасып,  Ермек Сейтбекұылының жақын туған-туысқандарына қайғырып көңіл білдіреді.