Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Астана қаласының Энергетика басқармасы елорданың бірқатар жылу және электр объектілеріне тексеру жүргізді.
Танымал бөлімдер
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Астана қаласының Энергетика басқармасы елорданың бірқатар жылу және электр объектілеріне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында жылу және электр желілерінің техникалық жағдайы, жөндеу және алдын алу жұмыстарының барысы, сондай-ақ бекітілген жұмыс кестесінің сақталуы қаралды. Ерекше назар жылумен және электрмен қамтудың сенімділігіне, нысандардың техникалық дайындығына және қала тұрғындарын үздіксіз жылумен және электрмен қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша жауапты мамандарға анықталған ескертулерді жою және орындалатын жұмыстардың сапасы мен мерзіміне бақылауды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.