Энергетика балалар көзімен «Астана-АЭК» АҚ кәсіподағының бастамасымен және кәсіпорын басшылығының қолдауымен қызметкерлердің 8–9 сыныпта оқитын балалары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Танымал бөлімдер
Энергетика балалар көзімен
«Астана-АЭК» АҚ кәсіподағының бастамасымен және кәсіпорын басшылығының қолдауымен қызметкерлердің 8–9 сыныпта оқитын балалары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды «Астана-АЭК» АҚ қызметімен, компанияның елорданы сенімді электрмен жабдықтаудағы рөлімен, энергетиктердің еңбек жағдайлары мен жұмыс ерекшеліктерімен таныстыру, сондай-ақ электр энергиясымен қауіпсіз жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпаққа кәсіби бағдар беру болды.
Экскурсия барысында оқушылар компанияның қызметі туралы ақпарат алып, қаланың электр желілерін басқару процесімен танысу үшін жедел-диспетчерлік қызметке барды. Сонымен қатар, олар 110/10 кВ «Новая» шағын станциясында болып, заманауи электр энергетикалық жабдықтарды көрді.
Экскурсия компанияның фронт-кеңсесіне барумен, естелік суретке түсумен және естелік сыйлықтар табыстаумен аяқталды.
Экскурсияны ұйымдастыруға және өткізуге кәсіпорынның басшылары мен бөлімше мамандары белсенді қатысты. Олар оқушыларды өз жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстырып, энергетик мамандығы туралы мәлімет берді, балалардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Мұндай іс-шаралар мектеп оқуш