2026 жылғы ұлттық жоба: «20-10-0,4 кВ тарату желілерін қайта құру»
Танымал бөлімдер
2026 жылғы ұлттық жоба: «20-10-0,4 кВ тарату желілерін қайта құру»
«Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында мердігер ұйым – «Иртышэлектромонтаж» ЖШС үлестіру пунктінен «Астана Балет» театры мен Қазақ ұлттық хореография академиясына дейінгі 0,4 кВ кабель желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі уақытта нысанда бекітілген кестеге сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда.
Жобаны іске асыру нәтижесінде үлестіру желілерінің сенімділігі артып, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен елорда тұрғындарын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі.