Михаил Трапезников жасаған логотип – әрдайым бізбен бірге.
Танымал бөлімдер
Михаил Трапезников жасаған логотип – әрдайым бізбен бірге.
Михаил Трапезников (1993–2022) – «Астана–АЭК» АҚ компаниясында 10 жыл еңбек еткен жетекші инженер-бағдарламашы. Ізгі ниетті, жауапкершілігі жоғары, әрдайым көмектесуге дайын — оны әріптестері дәл осылай еске алады.
Оның еңбек жолындағы ерекше белес — 2020 жыл. Сол жылы Михаил «Астана–АЭК» АҚ жаңа логотипін жасау бойынша байқауда жеңімпаз атанды. Бүгінде бұл символ ұжымды біріктіріп, бүкіл елордаға танымал. Биыл логотипке 5 жыл толып отыр, ол Михаилдың дарыны мен шығармашылығының мәңгілік көрінісі болып қала береді.
Ол небәрі 29 жасында өмірден озды. Артында жұбайы мен екі қызы қалды.
Миша, сенің жарқын бейнең, ізгі істерің мен төккен еңбегің мәңгі есімізде қалады.