Қайырлы күн, құрметті елорда тұрғындары! 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 0,4 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Танымал бөлімдер
Қайырлы күн, құрметті елорда тұрғындары!
2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 0,4 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар ағымдағы жылдың 18 тамызында бекітілген кестеге сәйкес «Шұбар» шағын ауданында басталды.
Қазіргі уақытта келесі жұмыстар атқарылуда:
• алюминий- болат өткізгіш сымның орнына оқшауланған өздігінен тартылатын сымды (СИП) ауыстыру;
• СИП-ке арналған сызықтық арматураны ауыстыру;
• ағаш тіректерді темірбетон тіректерге ауыстыру;
• әуе желілерінің қорғау аймағына кедергі болатын ағаштарды кесу.
Аталған жұмыстарға 6 адамнан тұратын бригада және 4 арнайы техника бірлігі жұмылдырылған.
Бұл шаралар елорда тұрғындарын сенімді әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған!