«Астана-АЭК» АҚ - 45 жыл! Жарығың жарқырай түссін бас қала!
Танымал бөлімдер
«Астана-АЭК» АҚ - 45 жыл! Жарығың жарқырай түссін бас қала!
15 тамыз Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияда кәсіпорынның құрылғанына 45 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекеге қатысқандар:
- Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов
- қалалық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты Кендебай Адамбек
- Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов
- Қазэнерго кәсіподақ төрағасының орынбасары Жарқынбек Әлімбетов
Қатысушы қонақтар ұжымды жылы лебізімен құттықтап, энергетиктердің қала дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, лайықты марапаттарын табыс етті.
Кәсіпорын бойынша барлығы 60-тан астам қызметкер марапатталды.
Бұл күні бойдағы қабілет-қарымы мен адалдығы кәсіпорынның бүгінгі жетістіктерінің іргетасын қалаған кәсіпорын ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінді. Кездесу атмосферасы жылы, қуанышты және естеліктерге толы болды.
Мереке танымал әртістердің қойылымдарымен безендірілді, ал кейбір музыкалық нөмірлер біздің талантты қызметкерлерімізбен орындалды.
Мерейтойға арналған барлық іс-шаралар компания кәсіподағымен тығыз ынтымақтастықта дайындалды. Аталмыш шара ардагерлерге қамқорлық, әрбір қызметкердің көңілінен шығу және шынайы ынтымаққа толы көңіл-күйде өткен есте қаларлық мереке болғаны анық.