Кабель желілері қызметі

Кабель желілері қызметі 2005 жылы 1 қарашада әуе желілері қызметінен бөліну арқылы құрылғын. 

 Қызметтің негізгі міндеті Нұр-Сұлтан қаласындағы  0,4кВ; 10кВ; 20кВ; 35кВ; 110кВ; 220кВ кабель желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары болып табылады. 

 «Астана-АЭК» АҚ-ның теңгеріміндегі кабель желілерінің ұзындығы: 

110кВ – 13,972 км

20кВ -244,582 км

10кВ -1180,903 км

6кВ – 19,065 км

0,4кВ-716,657 км құрайды.

КЖ қызметінің жұмыскерлер саны 67-адамды құрайды және кабель желілерін жөндеу және монтаждау жөнінде 7-шеберлік учаскесін (7-шебер және 37-электрмонтер), бұзылған абаттандыруды қалпына келтіру жөнінде1-шеберлік учаскесін (1-шебер және 4-жұмыскер), сондай-ақ 20/10/0,4кВ кабель желілері трассаларын қадағалау жөніндегі секторды қамтиды. Оның құрамына: 

- 220/110кВ пайдалану жөніндегі жетекші инженер,

- 220/110кВ қадағалау және пайдалану жөніндегі инженер

- 20/10кВ кабель каналдары жөніндегі жетекші инженер

- 20/10кВ кабель каналдарын қадағалау жөніндегі инженер кіреді.

Кабель желілері қызметін 2011 жылдан бері Дмитрий Николаевич Беликов басқарады.   

Қызметте 20 және одан көп еңбек ететін  ардагерлер:  Пуха Алла Викторовна – үлестіру желілерін пайдалану жөніндегі электромонтер,   Беликов Дмитрий Николаевич – қызмет басшысы, Таутеков Серик Токанович – шебер. Олардың тәлімгерлігіндегі жас қызметкерлер қажет машықтарды меңгеріп, оны күнделікті жұмыста ойдағыдай қолдануда.   

Шебер Аян Жүнісбеков,  кабель желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтер Мұрат Жүнісбеков,   автокөлік жүргізушісі Мұхтар Жүнісбеков  және    шебер  Бауыржан Қапаров,  кабель желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтерлер Жасұлан мен Ильдар Қапаровтар энергетиктер әулетінің жалғастырушылары болып табылады.

Қызмет бастығының орынбасары Кәрібаев Марат Амангелдіұлы, жетекші инженер Әлібек Қызылбаев, шеберлер Бауыржан Қапаров пен Архат Жұматаев,  кабель желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтерлер Алмаз Жақыпов, Нұржан Мусилов, Ербол Алькеев, Әділжан Бердібаев, Ильдар Қапаров, Жасұлан Қапаров, Уәлихан Есенжолов, Самат Аймағанбетов сияқты болашағынан зор үміт күтетін жас мамандар өздерінің алған білімдері және жұмыстағы іскерлігінің арқасында  компания қызметінің тиімділігінің өсуіне ықпал етуде. 

 КЖҚ ұжымы жылыту маусымының басталуы мен аяқталуына қатысты іс-шараларға, қызметтер және энергетикалық кәсіпорындар арасында  ұйымдастырылатын спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Футбол, волейбол, стол теннисінен өтетін жарыстарда инженерлер, шеберлер және электрмонтерлер жүлделі орындарды иемденеді.