ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ

Энергия үнемдеу - ол отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға (және үнемді жұмсауға) және шаруашылық айналымға жаңартылатын энергия көздерін тартуға бағытталған құқықтық, ұйымдық, ғылыми, өндірістік, техникалық және экономикалық шараларды іске асыру арқылы энергияны үнемдеу.

Энергия үнемдеу не үшін қажет?

Энергия тұтыну –  үйді ұстауда ең шығынды бөлік. Және энергияның  елеулі бөлігі  мүлде мағынасыз жұмсалатыны жасырын емес.

ТКШ энергия шығынының елеулі бөлігі тұтынушылардың өздерінің тарапынан жылу және электр қуатын үнемдеуге қатысты немқұрайлы қатынастан жиі болады.

Үлкен қалаларда адамдар күн сайын жарық беретін аспаптарды өшіруге ерінеді немесе ұмытып кетеді. 

Бір күнде килограммен емес, бекер жұмсалған ондаған тонна отын есептеледі. 

Өкінішке орай, жарық және жылу үшін қорытындысында тек қана ақшамен емес, атмосфераға бөлінетін және климатқа ықпал ететін парниктік газдармен төлеу керек.

Босқа жұмыс істейтін жүз 75-ваттық шамдар бір сағаттың ішінде  табиғи ортаны жолай зиянды заттармен ластай отырып, көмір немесе мұнайдың бірнеше килограммын жейді.  

Сол кезде әдеттегі жарық көздерін олардың энергия үнемдейтін аналогқа ауыстыру энергия ресурсын тұтынуды, және тиісінше жарыққа 5-есе шығынды қысқартады. Егер тұрмыста энергия үнемдейтін мұздатқыш, телевизор, кір жуу машинасын және т.б. қолданса – әрбір пәтерде электр энергиясын тұтыну шығындарын екі есеге азайтуға болады.

Энергия үнемдейтін шамды энергетикалық монополистердің «пайда  табуына» жол бермеу үшін орнату қажет емес. Ресурстарды үнемдей отырып, біздер, ең алдымен  біздің елдің болашағы туралы, планета болашағы  және біздің балаларымыздың   қамын ойлаймыз. 

Энергияны үнемдеу үшін не істеу керек?

  • Ешқашан жарықты өшіруді ұмытпау.
  • Энергия үнемдейтін шамдарды және жабдықтарды қолдану.
  • Жылу шығынын азайту үшін пәтерде есік пен терезені жақсылап бітеу   қажет.
  • Жылу беру реттегішін орнату (шұрасы бар батарея).