«Астана-АЭК» АҚ жөндеу бағдарламасының барысы туралы

02 августа 2019

Сарыарқа аудандық электр желісінде (САЭЖ) жөндеу бағдарламасын орындау өте жақсы қарқын алуда, жоспар 67% орындалған. САЭЖ «Астана-АЭК» АҚ-ның өндірістік бөлімшесі болып табылады, қызметінің мәні электр желілерді пайдалану, атап айтқанда 10/0,4 кВ әуе желілері және 10/0,4 кВ үлестіру пункттері, сондай-ақ 0,4 кВ желілерде сүйеу шкафтарын пайдалану.  САЭЖ қызмет көрсету аумағы Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданының аумағын қамтиды. 

Электр желілерді 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі   жұмысқа дайындау аясында САЭЖ көктемнің басынан бері ұзындығы 16 км 10/0,4 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізіп, техникалық қызмет көрсетті. Сондай-ақ 10/0,4 кВ 16-трансформаторлы шағын станция жабдықтарына жөндеу жүргізді. 

Құрметті тұрғындар мен астана қонақтары! Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Түсіністік білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз! 

Жөндеу бағдарламасының көлемін уақытылы орындау электр энергиясының максималды жүктемесінде күзгі-қысқы кезеңнен ойдағыдай өтуді, Нұр-Сұлтан қаласының электр энергиясының тұтынушыларын авариясыз және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.