Неге жазғы уақытта электр энергиясы өшіріледі?

24 июня 2019

Шағын станцияларда немесе электр беру желілерінде жұмыстарды жүргізу кезінде жөндеу персоналы үшін қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы электр қондырғысы жөндеуге шығарылады, яғни электр энергиясын ажырату және тұтынушыларға электр энергиясын беру тоқтатылады.

Егер электр қондырғысының схемасы шиналардың бір секциясына жүктемені ауыстыра отырып, электр энергиясын секциялық ажыратуды жүргізуге мүмкіндік берсе, онда электрмен жабдықтау үзілісі 15 минуттан 30 минутқа дейін уақытты құрайды. Қалған жағдайларда электр энергиясын ажырату бірнеше сағаттан толық жұмыс күніне дейін уақытты құрайды.

Бұл ретте «Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатумен байланысты жұмыстардың орындалуын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік мәдени – тұрмыс объектілерімен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарушы компаниялармен және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.

Желілерде жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат оларды өткізу қарсаңында компанияның ресми сайтында www.astrec.kz, facebook әлеуметтік желісінде жарияланады, сондай-ақ IKomek (109) бірыңғай анықтамалық қызметіне жіберіледі.

Құрметті қала тұрғындары! Сізден электр энергиясын ажыратумен байланысты белгілі бір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.     Біздің жазғы жөндеу кампанияымыздың мақсаты желілердегі төтенше жағдайлардың алдын алу және электр желілері ең жоғары жүктемеге ұшырайтын қыс мезгілдерінде және ауа-райының басқа қолайсыз жағдайларында электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

https://www.instagram.com/p/By1h7tTHOuS/?igshid=15a0xli1sqfy7