«Астана-АЭК» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылғы 26 наурыздағы шешімімен «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Балқышев Серік Тұрғанбекұлы сайланды.

26 марта 2019

Серік Тұрғанбекұлы Балқышев еңбек жолын Көкшетау электр желілері кәсіпорнында шағын станция жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі болып бастаған, сондай-ақ «Астанаэнергосервис» АҚ, «Бурабай Энергоопт» ЖШС, «Қарағанды Пауэр» ЖШС, «Қaрағанды Жылу» ЖШС,   «Қaрағанды Жарық» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС,  «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС және басқасында әртүрді басшылық лауазымдарды атқарды.  2019 жылғы 04 қаңтардан бастап 26 наурызға дейін «Астанаэнергосервис» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі, сондай-ақ «Астана-АЭК» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы болды.